Технология • 02 Қыркүйек, 2021
Платформалық тәсіл: Жобалардың дамуы жылдамдайды
BTS Digital компаниясы, Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі корпоративтік қоры және «Астана» халықаралық орталығының (АХҚО) Tech Hub Қазақстанда цифрлы платформалық шешімдерді дамыту бойынша консорциум құру ниеті туралы келісімге қол қойды. Тараптар экономика салаларын цифрландыру және бірлескен цифрлы платформаларды құру үшін өз құзыреттері мен ресурстарын біріктіруді жоспарлап отыр.
Экология • 02 Қыркүйек, 2021
"Жаңа әлем жүйесі" үшін тартыс
Адамзат тарихында мемлекет болу процесіндегі ең басты екі мәселе өз маңызын ешқашан жоғалтқан емес. Бұлар – қауіпсіздік және азық-түлік мәселесі. Соның ішінде азық-түлік мәселесі қазіргі терминологиямен айтар болсақ, «азық-түлік қауіпсіздігі» тұрғысынан да адамзат баласының өмір сүру және өмір үшін күресінің ажырамас бір бөлшегі ретінде қабылданады. Бұған уақыт өте келе өнеркәсіп төңкерісі ықпал еткен қарқынды даму нәтижесінде туындаған «энергетикалық қауіпсіздік» мәселесі де қосылды. Бұл тұрғыда ХХ ғасыр мұнай секілді ресурстар мен олар тасымалданатын бағыттарды бақылауда ұстауға ұмтылған күрес алаңына айналды деуге болады.
Руханият • 02 Қыркүйек, 2021
Дүйім қазаққа ән мен жырдың бесігі ретінде танылған Көкшетау топырағында Ақан сері мен Біржан сал, Балуан Шолақ пен Үкілі Ыбырайлардан бері аспандағы аққуға үндерін қосқан белгілі-белгісіз талай саңлақ әншілер болған шығар-ау. Осы ән аталарының аймаңдай жаңғырығындай болып Қажыбай ініміз жарқ ете қалып, отыз жылдан астам уақыт бойы ән қанатында әуеледі, халықты шалқар өнердің шаттығына бөледі.
Әдебиет • 02 Қыркүйек, 2021
Қолына қалам ұстаған сөз зергерлерінің қай-қайсысы да балалар тақырыбын аттап өткен емес. Баланың ойы мен іс-әрекетін шендестіру арқылы жұрт сүйіп оқитын керемет шығармалар жазған жазушылардың көбін оқырман жақсы қабылдаған, кітабын жастанып оқыған. Кешегі Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңізін», Жоржи Амаду «Құм жағалауы капитандарын», Ж.К.Роулиң «Хәрри Поттерін», өзіміздің Ыбырай Алтынсарин да басым көп шығармасын балаларға арнап жазды емес пе?! Бала бейнесін қағазда сөйлету де қаламгерлік қуаттың сыналар тұсы. Өйткені бала тақырыбы – жеңіл-желпілікті, өтірікті көтере алмайтын нәзік тақырып. Бүгін біз үш елдің үш қаламгерінің балаларды негіз еткен үш шығармасына тоқталамыз.
Экономика • 02 Қыркүйек, 2021
Банктер киберқауіпсіздігін қалай қорғап отыр?
Есікті бұзып, терезені сындырып кіретін ұрлықтың дәуірі өтіп барады. Ұрлықтың өзі заманға жылдам бейімделуде. Қазір онлайн операция көмегімен-ақ шоттағы ақшаны сыпырып кете салады. Бұл орайда киберқауіпсіздік, әсіресе банк секторында ерекше маңызды.