Дүйім қазаққа ән мен жырдың бесігі ретінде танылған Көкшетау топырағында Ақан сері мен Біржан сал, Балуан Шолақ пен Үкілі Ыбырайлардан бері аспандағы аққуға үндерін қосқан белгілі-белгісіз талай саңлақ әншілер болған шығар-ау. Осы ән аталарының аймаңдай жаңғырығындай болып Қажыбай ініміз жарқ ете қалып, отыз жылдан астам уақыт бойы ән қанатында әуеледі, халықты шалқар өнердің шаттығына бөледі.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Көз алдымызда – алтын зерлі ақ жібек шапаны, құндыз бөркінің желбіреген үкісі, шырайлы ақжолтай жүзіндегі күміс бұлақтың сылдырындай үйірілген риясыз күлкісі. Сағынамыз. Ол Көкше әнінің көктемі болып келген-ді. Әнсүйер қауымның жүрегінде, жадында ән көктемі болып қалды. Өзі де, әні де, домбырасы да үкілері желбіреп, көңіл-көкейімізде аңсаттыра елбіреп өмір сүре бермек, сарғайтып сағындыра бермек.
Иә, аруағы шат болғыр айналайын Қажыбай қолдан жасалған, қасаң нота тұсауында байланып-маталған, еріккенде ғана ермек етер көзалдар, қолтума әнші-сымақ емес, сом алтынның сынығындай, кәусар суымыздың тұнығындай, баяғы асылдарымыздың тұяғындай, көне әуендердің қайнар көзіндей тума талант, жойқын да жайқын дарын иесі еді. Ән өнеріміздің рухты киесі еді. Иә, осылай деп батыл байлам айтамыз. Мейлі қай әніңіз, қайсы мақамыңыз, қандай да қандай толқынды ырғақ-қайырымыңыз болсын оның көмейінен еркін лықсып, таудан жосылып аққан бұлақтай сарқырап төгілетін. Халқымыздың қанша ықылым замандардан бергі үздіксіз айтылып келе жатқан сүйікті әндері «Балқадиша», «Теміртас» һәм басқалары Қажыбай әншінің күміс қоңыраудай күмбірлеген зерен көмекейінен жаңа тыныспен құлпыра құйылып, өзгеше өрнек сазымен мүсінделіп, қайта туғандай гүл жайнап сала бергенін қайтерсіз?!
Арқалы да аруақты Жақия ақсақалдың қасиет біткен өрені дәстүрлі әндеріміздің қай-қайсысын болсын ерен сүйіспеншілікпен өзінше, өзгеше шырқады. Ән айтқанда халқына соншалық табиғи қалыбымен, бел бала перзенті болып еркелеп тұратын. Сахнадағы сондай жарасымды, сылқым тұрысы бойындағы бусанып бұрқанған асыл тектілікті аңғартатын-ды. Ол ылғи да ұсақ пендешіліктен, күйбең тірліктен әсте жоғары, жанына кіршік жұқтырмас ән әлемінде Айбоз тұлпарша әсем басып жүріп өткендей елестейді маған. Әншілік алапат арыны, шамырқанған қуатты дарыны тұла бойынан сұлу үн, сырлы дыбыстармен шалқып, тасып, кенересінен асып төгіліп жатқандай болып көрінетін. Өз басым Қажыбай әндерін тыңдаған сайын осындай ғажап әсерге бөленемін. Кейінгі, біздің замандас Қажыбай әншіні Құлагер ақын Ілияс сипаттайтын, қазір аңызға айналған, бұрынғы Әсет әнші бабамызға ұқсатамын. Қажыбайдың бойынан, әншілік үрдісінен Әсет әншінің керім-кербез, сұлу-сырлы қасиеттерін көремін. Ілияс ақын осынау ешқашан ескірмес ескі әншіні қалай сүгіреттейді? Бір ауық тыңдап байқайықшы:
Арғынмын, атым Әсет арындаған,
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.
Көмекей көк қақпасын әнмен ашса,
Төгіліп меруерт, маржан сауылдаған...
...Ән салсаң өзімдей сал аңыратып,
Жайлантып, қоңырлатып, жамыратып.
Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып.
Боздатып саулы інгендей күңірентіп,
Қазандай қарсы соққан дауылдатып...
...Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып делебені дәсерлетіп.
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.
Талдырып, талықсытып, тамылжытып,
Орғытып, орағытып, баса өрлетіп.
Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп,
Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп.
Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап,
Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп...
...Ілекең бақидан қайтып келіп Қажыбайды тыңдаса, оған да дәл осындай ыстық ықыласты жыр арнасын ағытып, тағы бір өлмес өлеңін арнайтыны сөзсіз еді-ау. Әнді дәл осы Әсет атасындай әсемдетіп те, нөсерлетіп те, көңілді мың тербеп, әсерлетіп те салатын қайран Қажыбайымыздан қапияда айырылып аһ ұрып қалдық. Шырқатып салған әндері қалды жанымызға дауа болып, көкірегімізге күн жарығындай сауылдаған сәуе болып. Әңгімесі де әсерлі, ән төресі Ақанның «Балқадишасын» сонау бір жылдары Париждің төрінде ақиық Әміре қалай да қалай әуелете самғатып асқақтатқанын білмеймін. Бірақ осынау сырлы ән біздің көкейімізге Қажыбайдың айтуында қонақтап, құлағымыздан кіріп, бойымызды балқытып билеп алғалы қашан. Оның шырқауындағы әрбір ән өзінше бір жауһар, дүррі гәуһар, інжу-маржан дер едім. Сондай кереметтің бірі − Біржанның «Айбозымы». Бұл күнде «Айбозым» десе көз алдыма Қажыбай әнші, Қажыбай десе - ән асылы «Айбозым» елестейді десем, шындықтан сынық сүйем де алыстамаспын. Бұл жәйтке ықыласым ерекше ауатын бір себеп сол, ән атасы Біржан бабамыздың біраз уақыт ел құлағынан тасада қалған осынау шерлі-күйлі әнін алғаш 1981 жылы белгілі сазгер, музыкатанушы Ілия Жақанов Қазгородок ауылындағы Шәймұқан Омаров деген қариядан жазып алғанда қасында мен болып, осы елеулі уақиғаны сүйіншілеп толғамды мақала жазып едім. Содан едел-жедел Қайрат Байбосыновтың орындауында өмірге екінші қайтара келген сол әнге ұстазынан кейін өзінше, бөлек мәнерде дәсерлетіп жан бітірген Қажыбай інімді мен қалай құрмет тұтпайын, қайтіп жақсы көрмейін, ендеше. Осылайша «Айбозым» әнінің бағын ашып, даңқын асыра жүріп, өзі де айбоз әнші атанды.
Қажыбай інім екеуіміздің өмір жолымыз аса көп қиылыса бермепті. Бірақ бір-бірімізді жақсы білдік, әнін жас кезінен бастап-ақ алғашқы тыңдаушыларының қатарында болдым. Көкшетаудағы үйіме де бірді-екілі келіп, ән шырқап жүрді. Сол кездерде мен қызмет орайында Алматыға ауыстым. Одан бері де отыз жылдың үстіне шықты. Көкшетаудың көктем әншісінің нағыз дәуірлеген шағында мен Алатаудың бөктерінде жүріппін. Соңғы рет Біржан сал ауданының тәңірі жарылқағыр әкімі Ермек Бекенов бауырымыз ұйтқы болып ұйымдастырған Біржан сал бабамыздың 185 жылдығына арналған ән мерекесінде кездестік. Қажыбай тағы да «Теміртасты» тербеді, «Айбозымды» аңыратты. Күлімдеп, құшақтасып амандастық. Қимай қоштастық. Ақырғы көруім екен әннің айбозын. Көкше әнінің көктемін. Қажыбай ініміз мәңгілік Көкше әнінің көктемі болып қала бермек. Көкшетау өзінің ән көктемін ұмытпақ емес, есімін мәңгілікке есте қалдырады деп білемін.
Әлдилер сәбиіңді жөргектегі,
Көкшенің кетті-ау өтіп ән көктемі.
Шалқыған шалқар шабыт шаттығымен
Әттең-ай, ән-бесікте тербеткені.
Әсемдік, әдемілік – үрдісінде,
Ән деген әлемнің ол жүрді ішінде.
Жарқылы – қарықтырар мың сан көзді,
Мәрттігі – бола бермес мың кісіңде.
Әннің де көріп алған әуселесін,
Жанына сіңіріп алған ән сәулесін.
Оянып әрбір таңда әгугайлап,
Өткізген айбозымдап қанша кешін!
Айбозы Көкшетаудың Қажыбай-ды,
Ажал-оқ ән-ғұмырға дарымайды.
Шылбырын Құлагер-ән үзіп кетсе,
Бұл жырым құр бекерге налымайды.
Сал Біржан, Ақан сері, Әмірелер,
Айбозым ән-керуеннің соңына ерер.
Алашым мәңгіліктің әлемінде
Ән салған Қажыбайды көзі көрер...
Оқушылар мен ата-аналар QR коды арқылы шағымдана алады
Білім • Бүгін, 13:10
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады
Ауа райы • Бүгін, 12:55
Бәйдібек ауданының тұрғынынан қырым қанды безгегі анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:39
Елімізде күн сайын 15 мың адам КВИ-ге қарсы екпе алады
Коронавирус • Бүгін, 12:30
Ресей мен Украина делегациялары Түркияда кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:23
Науқастардың 98 пайыздан астамы сауығып шықты – Ажар Ғиният
Коронавирус • Бүгін, 12:15
Жаңа штамм: Қазақстанда қайта карантин енгізіле ме?
Коронавирус • Бүгін, 12:07
Қазақстандық кикбоксерлер әлем кубогында топ жарды
Елорда • Бүгін, 12:00
Қосымша кәсіпкерлікпен айналысқан 23 мектеп директоры айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 11:52
Өзбекстанда елшілік жанынан арнайы дауыс беру учаскесі ашылады
Әлем • Бүгін, 11:48
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Бүгін, 11:40
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:38
«Алматы жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Аймақтар • Бүгін, 11:28
ШҚО-да елікті атқан браконьер сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өттІ
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 11:06
BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклі қойылады
Өнер • Бүгін, 10:48
Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады
Білім • Бүгін, 10:40
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швейцариядан жеңіліп қалды
Хоккей • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 6 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Алматы облысының 1500-ге жуық тұрғынын кене шаққан
Аймақтар • Бүгін, 10:28
Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
Медицина • Бүгін, 10:17
Қазақстанда вакцина алғандар саны 9,4 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
Қоғам • Бүгін, 09:59
18 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:47
Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер болды
Тағайындау • Бүгін, 09:39
Оқиға • Бүгін, 09:27
Қазақстандық боксшы қыздардың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
Бокс • Бүгін, 09:12
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:07
Экология • Бүгін, 07:42
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:38
Теннис • Бүгін, 07:36
Жарысты 29 жүлдемен қорытындылады
Спорт • Бүгін, 07:34
Орнын толтыратын олқылықтар бар
Қоғам • Бүгін, 07:32
Қазақ үшін ауылдың орны ерекше
Ауыл • Бүгін, 07:30
Ұйымшылдық – іргелі істер бастауы
Қоғам • Бүгін, 07:28
«Министр кубогы» сарапқа салынады
Спорт • Бүгін, 07:26
Ұқсас жаңалықтар