Оқиға • 22 Қараша, 2024

Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Апат  салдарынан «Қашар кені» АҚ қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 2024 жылғы 22 қарашада «Қашар кені» АҚ аумағында болды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде вахталық машинаның жүргізушісі қозғалысты бастап, әкімшілік-тұрмыстық корпустың жанында маневр жасай отырып, вахталық автокөліктің басқа жүргізушісіне соқтығысқан.

«Кәсіпорын ұжымы мен басшылығы қаза тапқан адамның отбасына көңіл айтады және барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, делінген хабарламада.