Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Білім саласында жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге болмайды - Тоқаев
Білім беру саласында терең жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Семейде Əлихан Бөкейханның ескерткіші ашылды
Алаштың рухани астанасы атанған Семей шаһарында Алаш қозғалысының 100 жылдығы аясында Алашорда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның еңселі ескерткіші орнатылып, «Алаш және рухани жаңғыру: ұрпақтар жалғастығы» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017
Латын қарпінде мақала жариялады
Елбасының латын әліпбиіне көшу бастамасына еліміздегі басылымдар ішінде алғашқылардың қатарында Алаштың рухани астанасы саналатын Семей қаласында жарық көретін «Семей таңы» газеті үн қосты. Басылымның 19 қыркүйек күнгі нөмірінде «SEMEJ TANGY» GAZETI UESHIN LATYN AELIPBIІ ZHAT EMES» атты мақала жарияланды.
Кино • 22 Қыркүйек, 2017
Армениядағы қазақ киносының апталығы
Бұл күндері Ереванда қазақ киносының апталығы өтуде. Апталық Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильмімен ашылды. Фильмді армян көрермендеріне бас кейіпкер Ерболат Тоғызақов таныстырды – деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.
Театр • 22 Қыркүйек, 2017
Өскемендегі облыстық қазақ драма театры 18-ші маусымын жазушы Баққожа Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясымен ашты. Қойылымдағы оқиға негізінен үш жігіт пен бір қыздың арасында өрбиді. Сахна артында телефонмен ғана тілдесетін төртінші жігіт пен «кәрі қыз» – Сайраның құрбысы Айжан ара-тұра ғана бой көрсетеді. Бірі мақтаншақ ақын, бірі жасқаншақ ғалым, енді бірі мансапқор үш жігіттің бетпердесі қойылым соңында басты рөлдегі қыздың үлкен қызметтегі әкесі жұмыстан босаған кезде ашылады. Жеңгетай құрбысының да «қой терісін жамылған» қасқыр екені мәлім болады.