Білім • 23 Қыркүйек, 2018
Әдебиет • 23 Қыркүйек, 2018
Халықаралық «Тарази тағылымы» ғылыми-практикалық конференциясы өтті (фото)
Қазақ ұлттық өнер университетінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Франс Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, жазушы, драматург, киносценарист Әкім Таразидің 85 жас мерей-тойына орай «Тарази тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Қостанайда екі полицей жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды
Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің аға сержанттары Сәрсенбай Нұрмағамбетов пен Ыбырай Рақымғалиев жол бойында әйелді ажалдан аман алып қалды.
Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді
Облыс орталығындағы Достық үйінде жергілікті Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктері Евгениий Чолиймен кездесуге жиналды. Кездесу барысында өңірдегі «Тарас Шевченко атындағы Украин этно-мәдени бірлестігінің» құрылу, қалыптасуы және бүгінгі күнгі қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді. Бірлестік биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалуда. Кездесуде украиналық қонаққа домбыра сыйлады.
Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды
«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Балалар Евровидениесі» байқауына республикалық іріктеу финалы аяқталды. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайтын болды.