23 Қыркүйек, 2018

Балалар Евровидениесінде еліміздің намысын Даниэла Төлешова қорғайтын болды

93 реткөрсетілді

«Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Балалар Евровидениесі» байқауына республикалық іріктеу финалы аяқталды. Қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру нәтижесінде «Junior Eurovision Song Contest» халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын Данэлия Төлешова қорғайтын болды.

Финалда өңірлік іріктеулерден өткен 10 қатысушы, атап айтқанда Максим Ержан, Зере Әмірбекова, Мейіржан Жидебай, Мария Затварницкая, Жанелья Қалдыбек, Динар Нәдірбекова, Асуат Санат, Бинура Саудабай, Данэлия Төлешова, Сүйкім Қабылбек  алғаш рет мыңдаған көрерменнің алдында ән салған болатын. Жеңімпазды таңдау үшін көрермендер өздеріне ұнаған қатысушыға смс жолдау немесе телефонмен хабарласу арқылы дауыс беріп, әділқазылар алқасы да олардың өнерін бағалаған болатын. Нәтижесінде «Өзіңе сен» әнін орындаған Данэлия Төлешова көрермендер тарапынан 12, ал әділ қазылардан 10 балл жинап, халықаралық байқауда бағын сынау мүмкіндігіне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық әнші Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жеткен болатын. Алғашқы кезеңде ол  "Stone Cold" әнін орындап, барлық қазылар алқасына тәнті етті. Данэлия осы әнін Youtube желісінде 8 млн-ға жуық адам көрген.  Ал финалда «Не твоя война» әнін орындап, көпшілікті таңдандырды. Арнайы атақпен бірге Данэлия Төлешоваға Disneyland Paris-де саяхаттақа жолдама берілген болатын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарттарға кітап сыйлады

Қоғам • Бүгін, 12:14

Бүгін – жартылай финал

Спорт • Бүгін, 09:44

Ұқсас жаңалықтар