23 Қыркүйек, 2018

Павлодарға Дүниежүзілік Украиндар конгресінің президенті Евгений Чолий келді

191 реткөрсетілді

  Облыс  орталығындағы Достық үйінде жергілікті Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктері Евгениий Чолиймен кездесуге жиналды. Кездесу барысында  өңірдегі «Тарас Шевченко атындағы Украин этно-мәдени бірлестігінің»  құрылу, қалыптасуы және бүгінгі күнгі қызметі жайлы деректі фильм көрсетілді. Бірлестік  биыл 25 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалуда. Кездесуде украиналық қонаққа  домбыра сыйлады.

Евгениий  Чолий жиналғандарды осы атаулы мерейтоймен құттықтады. Өз сөзінде жалпы Украиндар конгресінің қызметі-дүниежүзінде тұрып жатқан украиналық қауымдастықты насихаттауға және оларға көмектесуге бағытталған. Конгрес украиндардың мақсат-мүдделерін әлемдік деңгейде қорғайды. Басқа халықтар секілді,  украиндар үшін руханият, тіл мен мәдениеттің сақталуы аса маңызды екенін жеткізді.

- Осы мақсат барысында Нью-Йоркте, Австралияда және  басқа елдерде конференциялар өткіздік. Сіздердің елдеріңізде де осындай іс-шараны ұйымдастыру туралы жоспар бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әр халықтың этно-мәдени бірлестіктерінің құрылуын маңызды деп санайтыны өте қуанышты. Осы саясаттың аясында қазір халық бірлікте  өмір сүруде. Бұл Қазақстан дамуының кілті , - деді Евгений Чолий.

Алдағы уақытта Киевте украиндықтардың Дүниежүзілік конгресінің арнайы жиыны өтпекші. Евгений Чолый өңірдегі Украин  этно-мәдени бірлестігін мүмкіндіктеріне сай осы іс-шараға қатысуға шақырды.

- Біздің бірлестік те жақсы жұмыс жасауда. Бірлестік 1993 жылы құрылды. Қазір украин халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және мәдееиетін жаңғырту, өңірдегі ұлттар достығы мен өзара келісімді нығайту, өзіміз  өмір сүріп жатқан қазақ  елінің мәдени және экономикалық даму үрдісіне украиндықтар да үлес қосуда. Бірлестікте “Чаривни струны” бандуристер вокалды аспаптар ансамбілі, “Чернобрывци”, “Джэрэло” жастар вокалды ұжымдары, “Вэсэлка” хореографиялық ұжымы бар,- дейді  жергілікті Украин этно-мәдени бірлестігінің басшысы Михаил Парипса.   

Өткен жылы Отан соғысында Украинаны азат еткен павлодарлық 50 соғыс-ардагері Украина президенті Петр Порошенконың атынан мерейтойлық медальдар алды. Марапаттар майдангерлердің ұрпақтарына тарту етілді. Көзі тірі Сембай Темешев, Константин Воловиктер Киевті азат етуге қатысқан.   

Сапар барысында Евгений Чолий облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевпен кездесті. Екібастұздағы Шідерті ауылында орналасқан украин православ шіркеуіне барды.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Ұқсас жаңалықтар