Банк • 24 Қыркүйек, 2024
Банк жауапкершілігін арттыратын кез келді
Президент Жолдауында экономикадағы күрмеуі қиын күрделі мәселелерді нақты ашып көрсетті. Экономиканың дамуына үлес қосатын әрбір сектор қамтылды. Несие жүйесі, фискалды саясат, банктердің экономикадағы объективті үлесіне баса мән берді.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2024
Аграрлық салаға – айрықша қолдау
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды.
Шаруашылық • 24 Қыркүйек, 2024
Өңір диқандарының алдында 5,4 млн гектар алқаптың дәнді дақылын ысырапсыз жинап алу міндеті тұр. Соңғы аптада күн жадырап, аспан қабағын баққан диқандардың да көңілі көтеріліп қалды. Егін орағы басталғалы әрбір ашық сәтті қалт жібермеуге тырысқан дарқан даланың даңғайыр диқандары мүмкіндігінше нәтижелі жұмыс істеп, көп шаруаны еңсеріп тастады.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2024
Болашақ саммиті әлемдік бейбітшілікті көздейді
БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жоғары деңгейдегі апталығы қарсаңында Ұйымның штаб-пәтерінде «Ертеңгі күн үшін көпжақты шешімдер» тақырыбында екі күндік «Болашақ саммиті» басталды. Саммит жұмысына Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Қазақстан делегациясы қатысты.
Тұлға • 24 Қыркүйек, 2024
Ұлт руханиятына «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты көркем туындыларымен олжа салған классик-жазушы Бердібек Соқпақбаевтың ғасыртойын кіндігі кесілген қасиетті топырағында Алматы облысы мен Райымбек ауданы әкімдігі өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Аспантаулар елінің асылын ардақтаған кеңпейіл, жомарт халқы біртуар қаламгердің 100 жылдық мерейтойына тайлы-таяғымен, еңкейген қарты, еңбектеген баласына дейін атсалысқанының куәсі болдық.