Футбол • 24 Қыркүйек, 2023
Ала допқа әуесі ауған футбол жанкүйерлері асыға күткен Еуропадағы клубтық деңгейдегі ең ірі үш турнирдің топтық кезеңдегі ойындары басталды. Жыл сайын Еурокубогтің күзгі маусымында доп тебуді әдетке айналдырған еліміздің командалары бұл жолы білгенінен жаңылған жоқ. Былтыр ел біріншілігінде үздік шыққан елорданың «Астанасы» биыл Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Күрес • 24 Қыркүйек, 2023
Жігіттерімізге жігер жетіспеді
Еркін күрес шеберлері Сербияда өткен әлем чемпионатын қорытындылағаннан кейін бозкілемге бұрымдылар шықты. Өкінішке қарай, 10 жерлесіміздің сегізі алғашқы айналымдардан аса алмады. Олардың қалай жеңілгенін біз бұған дейін де егжей-тегжейлі баяндағанбыз. Соңғы үмітіміз – Жәмила Бақбергенова мен Елена Шалыгина еді. Талай дүбірлі дүрмекте ысылған сол сақа спортшыларға үлкен үміт арттық.
Теннис • 24 Қыркүйек, 2023
Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Гуанчжоу қаласында WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады.
Хоккей • 24 Қыркүйек, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жатқан елорданың «Барысы» тұрақты лиганың кезекті тур ойынында тағы да жеңіліп қалды. Андрей Скабелка шәкірттері бұл жолы Новосібірдің «Сибирь» командасынан басым түсе алмады.
Бокс • 24 Қыркүйек, 2023
Ертуған Зейнуллинов Иордания боксшысын ойсыратты
Қытайдағы Азия ойындарында 63,5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов алғашқы болып өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.