Теннис • 24 Қыркүйек, 2023

Финалға шыға алмады

1 мин
оқу үшін

Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Гуанчжоу қаласында WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады.

Финалға шыға алмады

Бас жүлде үшін өтетін ойынға жолдама беретін бәсекеде жерлесіміз осы жарыстың 1-ракеткасы ретінде тіркелген әлемдік рейтингте 27-орында тұрған Польша өкілі Магда Линеттпен шеберлік байқасты. Небәрі 1 сағат 16 минутқа созылған матчта польшалық теннисші жерлесімізді екі сетте 6:2, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Бәсеке барысында Магда Линетт 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білсе, Путинцева үш брейк-пойнттың барлығын мүлт жіберді.

Екі теннисші биыл сәуір айында елордада өткен Билли Джин Кинг турнирінің іріктеу кезеңінде кездесіп, Юлия екі сетте 7:5, 6:3 есебімен басым түскен еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13