Бокс • 24 Қыркүйек, 2023

Ертуған Зейнуллинов Иордания боксшысын ойсыратты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдағы Азия ойындарында 63,5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов алғашқы болып өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ертуған Зейнуллинов Иордания боксшысын ойсыратты

Ерлер арасындағы 1/16 финалда 63,5 келіге дейінгі салмақта Қазақстан боксшысы Ертуған Зейнуллинов Иордания өкілі Обада Алкасбехпен кездесіп, оны бірауыздан ұтты.

Осылайша Зейнуллинов 1/8 финалға шықты. Келесі жекпе-жегінде оған тәжік боксшысы Баходур Усмонов қарсы шығады.