Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021
Комплаенс-қызметін дамыту қажет
Antikor Ortalyğy алаңында Antikor.live және Protecting Business and Investments жобалары шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бастамасымен елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту мәселесі бойынша онлайн кездесу өтті.
Коронавирус • 27 Қыркүйек, 2021
2021 жылғы 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2021
Этномедиация негіздері түсіндірілді
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мұрындық болуымен Тараз қаласындағы Достық үйінде «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары жергілікті полиция органдары, прокуратура өкілдері мен ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2021
Жан басына шаққандағы несие көлемі
Биыл алты айда ел азаматтарының алған несиесі 8,6 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2020 жылдың жарты жылымен салыстырғанда 26 пайызға көп. Халықтың тұтынушылық несиелері 5 трлн теңгені құрапты. Бұл да 19,4 пайызға өскен.
Қаржы • 27 Қыркүйек, 2021
Қолма-қол ақшаны қолданатындар азайды
Әлемді шарпыған пандемия елге көп нәрсені үйретті. Былтырғы зерттеудің нәтижесі ел тұрғындарының цифрлық сауаттылығы әлдеқайда артқанын, бұрын ешқандай банк картасын ұстап көрмеген бірталай азамат жеке есеп шот ашып, қолына карта ұстағанын көрсетті. Естеріңізде болса, былтыр Google іздеу жүйесі Қазақстанда 2020 жылы ең көп сұралған мәліметтер тізімін жариялады. Сонда пайдаланушылар IBAN, БСН (БИН), БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) деген сөзді көп іздеген. Мұның өзі көп жайтты аңғартса керек.