Білім • 20 Қыркүйек, 2017
Баланы сыни ойлауға үйретудің маңызы
ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Бұл – сөз әлі де маңыздылығын жойған жоқ. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оқушыларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді. Бұл – мұқият дайындалу және шеберлікпен өткізу. Сабақтың дұрыс жоспарланбауынан сапасы да болмайды. Осы орайда оқыту технологияларының берері мол. Солардың бірі – «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету».
Білім • 20 Қыркүйек, 2017
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, білім беру ұйымдары басшыларының да үздіксіз кәсіби дамуы қажеттігін айқындап отыр.
Астанадағы автобустардың қызмет көрсету сапасы жайлы мақала шыққаннан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақстан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Таксист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2017
Ырза Тұрсынзада – «Алтын Орда» авторлық дизайын үйінің негізін қалаушы һәм бас директоры. Аталмыш дизайнерлік үй ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдар мен күнделікті тұрмысқа қажет көрпе, жастық, төсек-орын, қыз жасауын дайындап, оған заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін Президентің «Алтын сапа» сыйлығы және «Халық сүйіктісі» белгісінің иегері мәртебесіне қол жеткізген. Сонымен бірге мекеме басшысы Ырза ханым «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған, «Қазақстанның ең үздік өнімі» байқауында қатарынан бес дүркін жеңімпаз атағына ие болған шебер ұйымдастырушы. Осы орайда, ұлттық өнерімізді ұлықтап, оның насихатын халықаралық деңгейге көтерген Ырза Тұрсынзадақызымен әңгімелесіп, мән-жайға қанықтық.