Президент • 20 Қыркүйек, 2019
Тұрақтылық, демократия және өзгерістер
Қазақстан Президентінің мемлекет алдындағы жалпы тенденцияны жете түсінуі оның қаншалықты білікті саясаткер екенінің көрінісі. Ресейлік саяси ғылымдар кандидаты Эдуард Соловьев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының ерекшелігі жайында өз пікірін білдірді. «Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттігі: алғашқы 100 күн – мақсаттар, қадамдар, тактика» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында сақа сарапшылар 100 күн ішінде атқарылған жұмыстар жайында кеңінен әңгіме өрбітті.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2019
Төртінші деңгейдегі бюджет: көш түзеле ме?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» дей келіп, жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруды, бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалауды тапсырды.
Президент • 19 Қыркүйек, 2019
«Егемен» көтерген мәселе бойынша Президент тапсырма берді
«Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Елу жыл бұрынғы ескі паром елді қашанғы әуреге түсіреді?» мақаласында көтерілген мәселе Мемлекет басшысының назарына ілігіп, Үкіметке шешу жолын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы Қ. Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
«Егемен Қазақстан» басшысы қарағандылық студенттермен кездесті
Кеншілер астанасында ақын-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумының жұмысына қатысқан «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың журналистика бөлімінің студенттерімен кездесті.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин Қарағанды облысының жаңа әкімін таныстырды
Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір әкімі қызметіне ұсынған Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын қолдаған Қарағанды облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.