Тұлға • 21 Қыркүйек, 2024
«Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» деген нақыл бар. Иә, кәсібіне адал, ыждағатты адамның қашанда еңбегі өнімді болып, ісі ілгері басатыны белгілі. Сондай жанның бірі ауыл шаруашылығын, өңірді дамытуға үлкен үлес қосқан білікті басқарушы, шебер ұйымдастырушы, қоғам қайраткері Рымбек Жүнісұлы еді.
Туризм • 21 Қыркүйек, 2024
Бұрын туризм дегенде бірден жағажай, теңіз маңындағы курортты аймақтар еске түссе, кейінгі жылдары, әсіресе пандемиядан соң әлем халықтарының қызығушылығы туризмнің басқа түрлеріне ауа бастады. Бұрын естімеген, естісе де бармаған сыры бүгулі жатқан жұмбақ өлкелер тартымды бола бастады. Басқаны айтпағанда, ел азаматтар да қаладан жерінгенде қыз-қыз қайнаған тіршіліктен жырақ, жазыққа, адам қарасы аз табиғат аясына шығуды дұрыс көреді.
Поэзия • 21 Қыркүйек, 2024
Мұхтар Шаханов: Жароков көшесіндегі кездесу
Мұхтар Шахановтан күз, қыс, көктем, жаз туралы өлең таба қою қиын. Тапсаңыз да «Танакөз» поэмасында бір-екі жол, тағы бір өлеңінде бір-екі тармақ кездесуі мүмкін. Бірақ қыс туралы жазбаса да, желтоқсан айын айналып өтпейді.
Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2024
Идил Салиха: Жол жақсарса, туристер көптеп келері сөзсіз
Дүйім елді дүбірге бөлеген V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары да өз мәресіне жетті. Мемлекетіміздің мерейін асырған жаһандық жарысқа әлемнің танымал блогерлері ат басын бұрғаны белгілі. Соның ішінде өздерінің «дөңгелекті үйі» – автобуспен атажұртына қарай арнайы сапарға шыққан түрік отбасы көптің назарын аударды. Біз ойындар біткен күні Идил Салихаға арнайы жолығып, шағын сұхбат жасаған едік.
Талбесік • 21 Қыркүйек, 2024
Арал Қарақұмы – Арал теңізінің солтүстік-шығысында жатқан құмды шөл. Арал маңы мен Торғай үстірті аралығының бір бөлігін алып жатыр. Аумағы – 35 мың шаршы шақырым шамасында. Бұл құм алқабы бор және палеоген жыныстары үгілуінің нәтижесінде түзілген. Ғылым солай айтады. Қазір оған жел айдап әкелген құрғаған теңіз табанының құм шөгінділері қосылып келеді. Алқап беті солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарып, Арал маңында жағалық құм белдеуіне ұласып жатыр. Одан жоғары Көлқұдыққұм, Жіңішкеқұм, Алайғырқұм, Үлкенқұм орналасқан.