Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Ауқымды реформа: Әрбір қадам әділдікке бастайды
Әсілінде, сот-құқық жүйесінде әділдік пен туралық болмайынша жемқорлықты жеңу мен азаматтардың заңды құқықтарын аяқасты етпеу мәселесіне қатысты қандай да бір қадамдар туралы айту мүмкін емес секілді. Сондықтан елімізде аталған салаға қатысты жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды – әділетті мемлекет құруға деген алғашқы бастамалар деп бағалауға болады. Бұл туралы «Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық дөңгелек үстел барысында да кеңінен айтылды. Яғни еліміздегі ендігі мақсат – сөзден іске көшіп, кешенді, сапалы әрі тиімді реформа жүргізу болып отыр.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2020
Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы Ішкі істер министрлігі Академиясында орын алған жаға ұстатар жағдай дүйім жұртты дүрліктірді. Оқу ошағының он тоғыз жастағы курсанты оралдық Саламат Өтегенов өз өзіне қол салды деген дерек тарады. Басылымдардың біріне берген сұхбатында марқұмның анасы Бекзат Иманғалиева өмірге енді қадам басқан өрімдей өреннің өліміне академиядағыларды айыптап отыр.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2020
Кәсіпқой бокстан 2021 жылы өтеді деп жоспарланған қай бәсекелер жанкүйерлер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие? Осы сауалға байланысты Badlefthook.com порталы сараптама жүргізді.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2020
Келесі жылы Жапонияның астанасы – Токиода алауы тұтанатын Олимпиада мен Паралимпия ойындарының жалпы бюджеті 15,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын болды.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2020
«Өкініп қалмаңдар, мен кеттім»: Анасы курсант өліміне қатысты бар шындықты айтты
Осыдан бір апта бұрын Алматы қаласы ІІМ академиясының курсанты өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған еді. БҚО тумасы, 19 жастағы курсант Саламат Өтегенов академия асханасында асылып қалған. Марқұмның жеті күндік асынан кейін анасы Орал апталығы газетінің тілшілеріне ұлына қатысты бар шындықты айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz