Оқиға • 23 Желтоқсан, 2020

«Өкініп қалмаңдар, мен кеттім»: Анасы курсант өліміне қатысты бар шындықты айтты

3790 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Осыдан бір апта бұрын Алматы қаласы ІІМ академиясының курсанты өзіне қол салғаны туралы ақпарат тараған еді. БҚО тумасы, 19 жастағы курсант Саламат Өтегенов академия асханасында асылып қалған. Марқұмның жеті күндік асынан кейін анасы Орал апталығы газетінің тілшілеріне ұлына қатысты бар шындықты айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz 

«Өкініп қалмаңдар, мен кеттім»: Анасы курсант өліміне қатысты бар шындықты айтты

13 желтоқсанда ІІМ Алматы академиясы асханасының қосалқы бөлмелерінің бірінде 19 жастағы Саламат Өтегенов асылып қалған. Оны шешіп алғанда, ол тірі болған, бірақ кейінірек келген жедел жәрдем бригадасы жігітті құтқара алмады. Ол Алматы уақытымен сағат 16:52-де қайтыс болған.

Сол күні, кешкі сағат 19-да Саламаттың ата-анасына ІІМ академиясынан қоңырау шалып, баласы өз-өзіне қол жұмсады деп хабар берген. 15 желтоқсанда Саламаттың мәйітін академияның екі офицері Орал қаласына жеткізіп береді. 16 желтоқсан күні Саламат туған жері Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылындағы зиратқа жерленді.

Ұлынан айырылып, қара жамылып отырған Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, Саламаттың бала кезінен техникаға қызығушылығы жоғары болыпты. Ол 10 сыныбында  ІІМ Алматы академиясының жанынан бағдарламалау, техника және радиобайланыспен байланысты техникалық факультет ашылатынын есітіп, сол факультеттің алғашқы курсанты болуға ниеттеніп, 2018 жылы оқуға түседі. 

47

Мемлекеттік грантпен білім алып жатса да, анасы ұлының өте жиі ақша сұрайтынын байқағанын жасырмады. Бұл жағдай курстанттардың ата-анасы арасында да талқыланған екен. Олар балалары үшін академия тарапынан сұралған (заңсыз) ақшаны амал жоқ беріп отырған. Мәселен Академияда киетін арнайы киімнен бастап, азық-түлік пен тұрмыстық техника үшін де курсанттар өз қалтасынан қаражат шығарып келіпті. Сәйкесінше марқұмның туыстары да баласына бұл соманы жиі жіберіп отырыпты.

Олар емтихан кезінде оқытушылар тарапынан Саламаттан сессияны жоғары ұпаймен тапсырса да, жақсы баға алу үшін 80 мың теңге, кейбір кездері одан да көп сомада қаражат талап етіп келгенін, ал нарядқа түсу үшін ол біреуге 2,5 мың теңгеден беру керек екенін еске алып отыр. Туыстары мұндай жағдай өз баласының басында ғана емес екеніне де сенімді. 

- Саламат оқуға кетер кезде де әр жолы оған жаңа арнайы киім мен аяқ киім алып беріп отырдық. десе де ол Алматыға барған соң ылғи ескі әрі басқа біреудің киімімен жүретінін байқайтынбыз. Бұл бір рет болған жағдай емес. Сондай-ақ оқудан оралғанда тозығы жетіп, жыртылып қалған басқа аяқ киіммен қайтатын, дейді ата-анасы. 

Олардың пайымынша, осынша уақыт бойы Саламатқа қысым көрсетіліп келген. Өйткені марқұм курсант соңғы рет үйіне келгенде Академияға қайтқысы келмейтінін ашық айтқан. Ол оқуын Оралдағы жергілікті ЖОО-ға ауыстыруға ниетті екенін де жасырмапты. Ештеңеден күдіктене қоймаған анасы, ұлының ол ниетіне мән бере қоймапты. 

74

Саламат Академияға барған соң ақша сұрауы қайтадан жиілей түскен. Бұл жолы 10-20 мың теңге емес, 100 мыңнан басталатын қаражат қажет еткен.  

- Мен бір күні одан неге үнемі осындай қомақты қаражат керек екенін сұрадым. Балам маған жауап ретінде: «Апа, егер сіз маған қазір кешке 100 мың жібермесеңіз, таңертең мен 200 мың теңге қарыз болып қаламын», деді. Мен ол кезде ұлымды «есептегішке» отырғызғанын бірден түсіне қоймадым. 100 мың теңге таптым. Кейінірек ол 100 мың емес, 200 мың беруімді сұрады. Бұл жолы шыдамым таусылды, мен ол бұдан артық ақша алмайтынын айтып едім», деп еске алады әйел.

Анасының бұл сұрағына Саламат «Бұл туралы біреуге айтар болсаңыздар мені ұмытыңыздар» немесе «осынша қаражат жібермесеңіздер қол-аяғымнан айырылуым мүмкін» деген сөздер де айтқан. Кейінгі 3,5 айдың өзінде туыстары Саламатқа 630 мың теңге аударыпты. 

Саламат Өтегенов өмірінің соңғы күнінде сағат 11.00-ден бастап ағасына 300 мың теңгені Алматы уақыты бойынша сағат 17.00-ге дейін жіберуін сұрап тынымсыз хабарлама жіберген. Ал ағасы Саламаттың хабарламаларын тек кешке көріпті. Саламаттан соңғы хабарлама 16:31-де келген. «Мен кеттім» деген мәтін расында жас курсанттың туыстарына айтқан соңғы сөзі екен. 

3658

Марқұмның туыстары айтқан Академиядағы курсанттардан үнемі ақша жинауға қатысты ІІМ академиясы жауап берген жоқ. Десе де бұл жағдайлар Ішкі Істер министрлігі тарапынан тексеріліп жатыр. Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі Академия бастығы О.Х.Смайыловтың қызметінінен босатылғанын және курсанттың құпия өліміне қатысты тексеру амалдары жүріп жатқанын хабарлады.