Алматы • 19 Желтоқсан, 2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2025 жылға арналған бюджет 2,2 трлн теңгеге өскенін мәлім етті. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда екі есе көп. Әкімнің айтуынша, қалалық бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 2024 жылдың 11 айында 1,7 трлн теңгені құрады.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2024
Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесі ашылды
Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2024
Түркістанның ерекше мәртебесін айқындайтын құжат
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында бес заң жобасы қаралды. Күн тәртібінде депутаттар Түркі елдерінің ынтымақтастығы мен еркін сауда және инвестициялар құру туралы екі заң жобасын жұмысқа қабылдап, Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мен зағип жандарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға қатысты құжаттарды мақұлдады.
Ғылым • 19 Желтоқсан, 2024
Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл толды. Осы айтулы оқиғамен еліміздегі «плазма физикасы» ғылыми мектебінің негізін қалаған біртуар тұлға, ұлы ғалым, ұстаз, отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан ҰҒА академигі, марқұм Фазылхан Бәйімбетұлының 85 жылдығы қатар келді.
Мәселе • 19 Желтоқсан, 2024
Еліміз табиғи байлыққа жататын пайдалы қазбалар қоры жөнінен әлемде алғашқы ондықта. Алайда мамандар кен орындары жыл санап жұтап келеді дегенді айтып жүр. Әсіресе экономикалық тұрғыда маңызы алабөтен мұнай мен газ өнімдерінің сарқылатын уақыты таяп келе жатқандай.