Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2024

Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесі ашылды

42 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада Euronews телеарнасының өңірлік кеңсесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада Euronews-тің өңірлік кеңсесі ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген министр Аида Балаева Euronews кеңсесінің ашылуы Қазақстанның ақпарат саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Министр бұл тек географиялық ауқымды кеңейту емес, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын, заманауи жетістіктерін әлемге көрсетуге берілген жаңа мүмкіндік екенін айтты.

«Мемлекет басшысы қазақстандық мәдениетті, туристік және инвестициялық әлеуетті халықаралық деңгейде таныстыруды тапсырған болатын. Менің ойымша, бұл кеңсенің ашылуы осы жұмыстарға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл кеңсе мәдениеттер арасындағы диалог алаңына айналып, жаңа идеялар мен креативті шешімдерді ілгерілетуге үлес қосады. Бұл бастама арқылы тек өзара түсіністікті арттыратын ғана емес, жаһандық медиа кеңістікті байытатын жобалар дүниеге келетініне сенімдімін», деді Аида Балаева.

ө

Айта кетейік, бірлескен ынтымақтастық аясында Euronews 39 миллионнан астам көрерменді қамтыған Көшпелілер ойындарының материалдарын трансляциялаған.

Сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен инвестициялық жобалары туралы 10 бағдарлама, хабарлар мен сұхбаттар жарияланған.

«Қазақтар – Ұлы Дала өркениетінің мұрагерлері, Орталық Еуразиядағы көкпаршы көшпенді халықтардың мемлекеттілік дәстүрінің ізбасарлары. Қазақ хандығы 1465 жылы Алтын Орда күйрегеннен кейін құрылып, кейіннен тәуелсіз мемлекет ретінде қазіргі Қазақстан Республикасының қалыптасуына әкелді. Келесі жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан 20 миллион халқы бар әлемдегі ең ірі 40 экономика қатарынан орын алып, көптеген экономикалық және саяси реформалармен үлгі боларлық жолды көрсетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен бірнеше саяси реформалар табысты жүзеге асырылды. Осы өзгерістердің арқасында бүгін тарихи сәт – Астанадағы Euronews кеңсесінің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Біз Қазақстанның экономикасы, мәдениеті және мұрасы туралы халықаралық аудиторияны ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Қазақстан кәсіпкерлерімен, суретшілерімен және таланттарымен жұмыс істеп, Қазақстанның жаңа шындығын және жарқын болашағын көрсететін үш түпнұсқалық телешоу әзірлейміз», деді өз кезегінде «Euronews» Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас.

ө

Ынтымақтастықтың маңызды бөлігі – Euronews academy жобасын жүзеге асыру. Оның аясында отандық журналистерге шетелдік спикерлердің қатысуымен офлайн тренингтер мен мастер-класстар ұйымдастырылады. Бұл отандық БАҚ өкілдерінің кәсіби дағдыларына оң әсерін тигізеді.

Қазіргі уақытта 20 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында мәдениет, өнер және өмір салты туралы «Modern Nomads» шоуы, бизнес пен экономикаға арналған өңірлік шоу – «East-West Connect», сондай-ақ өңірлік тұлғалармен сұхбаттар – «Voices from Central Asia» жобалары бар.

х