Туризм • 19 Желтоқсан, 2024
Қысқы Бурабай несімен қызықтырады?
Қаңтарда бура жарап бабына келсе, қар бір түскенде Бурабай да жаңа бір түрге еніп, жадырап сала береді. Әр тасы аңыз, жұмақ та жұмбақ мекеннің мұндай тылсым сырлары толып жатыр. Сол әсем сұлу көркімен, алыс-жуыққа жеткен дабыралы даңқымен саяхаттаушыларды саясына магнитше тартып тұрған Бурабайдың қысқы көрінісі өз алдына көлдей әңгіме.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2024
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы Боксты дамыту орталығында ересектер арасында ел біріншілігі басталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы додаға 400-ден астам боксшы қатыспақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Таиландта өткен Азия чемпионатында олжа салған боксшылар ел біріншілігінен босатылатынын айтты. Дегенмен де ішкі чемпионаттың бәсі жоғары болмақ. Себебі әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов сынды сақа боксшылар қатысатын додада жастар да бағын сынамақ. Атап айтқанда, жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырхан сынды саңлақтар рингке шығады. Чемпионат 24 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2024
Бәрінен тәртібі мықты бала озады
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының орталығы – Сарыөзекте самбо күресінен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, оқу ісінің үздігі, белгілі бапкер Бақыт Қоқысбековтің құрметіне дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйымдастырылды. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген балғын балуандар қатысты.
Жекпе-жек • 19 Желтоқсан, 2024
Бахрейннің Иса Таун қаласында аралас жекпе-жектен «Brave 91» турнирі өтті. Осы жарыста аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Диас Еренғайыпов октагонға шықты.
Аңдатпа • 19 Желтоқсан, 2024
20 желтоқсан - «Тентектің оқиғасы» І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Тентектің оқиғасы» ертегісі ұсынылады. Режиссері – Қ.Маратұлы.