Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Нұр-Сұлтанда жаңажылдық демалыста қайда баруға болады?
Елордада осы аптада көрмелер, театрландырылған қойылымдар, балаларға арналған жаңа жылдық ертегілер, хоккей ойындары мен өзге де мәдени-спорттық шаралар өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда «Құтқарушы-2019» байқауы өтті
Жаңа жыл қарсаңында «Оқушы» орталығында кезекті «Құтқарушы -2019» байқауы өткізілді. Іс -шараны Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп – қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы және «Оқушы» орталығы ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараға 50 бала қатысты. Оның ішінде 22 бала байқау қатысушылары. Байқау жас құтқарушылармен оқушылар арасында қауіпсіздік негіздер бойынша профилактикалық және насихаттау жұмыстарының қорытындысы шеңберінде өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
«Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды
Қызылорда облысынан бастау алған «Сарыарқа» газ құбыры еліміздің Елордасын, орталық және солтүстік өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған жоба толығымен жүзеге асқанда, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойындағы 171 елді мекендердің шамамен 2,7 млн тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 6,3 млн адамға жетті
Бүгінгі таңда 6,3 млн астам адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - дан (бұдан әрі-МӘСҚ) 2005-2019 жылдары 4,6 млн адам жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеден астам әлеуметтік төлемдер алды. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 30 Желтоқсан, 2019
Енді «Жедел жәрдем» көліктері дабылды үнемі қосып жүреді
Соңғы күндері жедел жәрдем көліктері үнемі дыбыс дабылын қосып жүретіндігі туралы әңгімелер көп айтылып жүр. Осы мәселенің мән-жайын түсіндіріп беру мақсатында Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұрау жіберілген болатын.