Егемен Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2024
«Егемен» – елдіктің биік мінбері
Ұлт баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас газеті «Egemen Qazaqstan»-ның жарық көре бастағанына – 105 жыл. Осы мерейлі датаға орай елордадағы Достық үйінде «Егеменнің» елдік жолы» мәдени-интеллектуалдық форумы өтіп, оған Сенат пен Мәжіліс депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, БАҚ басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2024
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Бұған Орталық Азия елдері парламенттерінің өкілдері қатысты.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2024
«Ардагерлер ұйымы» жастар тәрбиесіне алаңдайды
Астана қаласындағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің «Дихолл» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Төралқа жиынына барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан ардагерлер кеңестерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.
Мәселе • 16 Желтоқсан, 2024
Биылғы 1 наурыздан елімізде уақыт белдеуі бір жүйеге келтірілді. Мұның мемлекеттік қызметке, жолаушылардың әрі-бері жүруіне, тағы басқа да тиімді тұстары болғанымен, шығыстағы облыстардың тұрғындарына біршама қолайсыз екені айтылып, қоғамда әлі де талқыланып жатыр.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2024
Биылғы жыл еліміздің су секторын реформалау мен дамытудағы маңызды кезең болды. Көктемдегі жойқын тасқын судың тіршілік нәрі ғана емес, абайламаса, алапат қаупі де барын тағы бір мәрте еске салғандай. Өткеннің сабағы еліміздің су ресурстарын басқару жүйесін реформалауға негіз болғаны анық. Саладағы өзгерістер суды тиімді пайдалануға, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.