Жоба • 16 Желтоқсан, 2024
«Ауыл аманатының» үздік қатысушылары анықталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық байқау қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, тағы басқалар қатысты.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2024
Ұлт руханиятының алтын діңгегі
Алматыда Жазушылар одағының 90 жылдығы құрметіне өткен салтанатты жиында еліміздің әдебиет саласындағы елеулі жетістіктері мен болашақ бағыттары талқыланды.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2024
Орта держава мәртебесі – өркениет өлшемі
Тәуелсіздік жылдары қолымыз жеткен жетістік, біз бағындырған белес аз емес. Бастысы жаһандық сын-қатер қаупі күн санап артқан алмағайып шақта ішкі және сыртқы тұрақтылықтың тізгінін тең дәрежеде ұстап қала алдық. Бүгінде кейбір ел үшін төңірегіндегі геосаяси ахуалдың салдарынан белгілі бір белеске көтерілу тұрмақ, өзін мемлекет ретінде ұстап қалудың қамы маңыздырақ болып қалды. Азаттық алғанымен алдымен тоқыраудың азабын тартқан еліміз еселі еңбектің арқасында жыл өткен сайын экономикасын нығайтып, сыртқы саясаттағы теңгерімді де естен бір сәт шығарған емес. Демократия мен бейбітшілікке, тұрақтылық пен ашық диалогке деген ұмтылысы елімізді халықаралық қауымдастық алдында абыройға бастап келеді.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2024
Экономиканы отандық өнім өрге сүйрейді
Еліміз егемендік алғалы өндіріс өріс жайды. Қоғамның даму қозғалтқышы өнеркәсіп те жаңа даму кезеңіне қадам басты. Экономикамыздың бәсін биіктеткен бұл бағытты дамытуға дендеп кірістік. Нәтижесінде, әртараптандыру әр кіргізіп, заманауи технологиялар табысты арттыра түсті. Шетелдік инвестиция игілігін де көріп отырмыз. Кәсіпорындар әлеуеті әуелеген сайын жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр. Мәселен, биыл жыл басынан бері 570 млрд теңгеге 40 жаңа жоба іске қосылып, 6,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылған.
Президент • 16 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.