Әлем • 10 Желтоқсан, 2018
Рентген көмегімен жасалған фотосуреттер көрмесі ашылды
Британдық суретші Ник Визи адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және басқа да заттардың рентген көмегімен жасалған фотосуреттері қойылған галерея ашты.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2018
Омск қаласында қазақтардың кіші құрылтайы өтті
7-9 желтоқсан аралығында Омск қаласында «Отандастар» Қоры мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының ұйымдастыруымен Ресей қазақтарының аймақтық құрылтайы өтті. Кездесудің басты мақсаты – халқымыздың рухани-мәдени құндылықтарының даму мәселелерін көтеру және талқылау. Шара міндеті – Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық бірегейлікті сақтауға ықпал ету.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2018
Абзал Әжіғалиев қола медальді иеленді
Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде шорт-тректен әлем кубогының кезеңдік сайысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бір медальға иелік етті.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2018
Өткен 3 желтоқсан күні әлемдегі ең үздік аяқдопшыларға берілетін «Алтын доптың» иесі анықталды. Ол бар-жоғы төрт миллион тұрғыны бар Хорватия оғланы, испаниялық «Реал» командасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2018
Ұлы даланың жеті қыры Фьордтар жерінде
Қазақстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Осло қаласында «Норвегиядағы Қазақстанның Ұлттық күні» өтті. Шараға Норвегия Корольдігінің билік, саяси партиялар, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдар, БАҚ, бизнес, дипломатиялық корпус, сондай ақ жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері жиналды.