Спорт • 10 Желтоқсан, 2018

Абзал Әжіғалиев қола медальді иеленді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде шорт-тректен әлем кубогының кезеңдік сайысы аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы бір медальға иелік етті.  

Абзал Әжіғалиев қола медальді иеленді

Айтулы бәсекеде әлемнің 18 мемлекетінен келген 150 спортшы бақ сынады. Олардың арасында Олимпия ойындары, әлем чемпионаты және басқа да аса ірі халықаралық додаларда сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтар да болды. Сондай мықтылармен үзеңгі қағыстырған Абзал Әжіғалиев 500 метрлік сайыста қола медальді иеленді. Қандасымыз тек Олимпиада және бірнеше дүркін дүние жүзі чемпионы деген дардай атақтары бар канадалық Самуэль Жирар мен венгриялық Шаоанг Люден ғана қалып қойды.

Өкінішке қарай, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Анастасия Крестова, Ольга Тихонова, Ким Йонг А, Әсел Тайшыманова, Анита Нагай және Яна Хан сынды жерлестеріміз жүлдегерлер санатына қосыла алмады.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»