Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
«Әуелі ой туады. Сосын сөз шығады. Жазылады. Жолданады. Оқылады. Бағаланады. Тексеріледі. Түзетіледі. Теріледі. Тазартылады. Оқылады. Тағы түзетіледі. Тағы оқылады. Қол қойылады. Бір мақала дайын болды. Бір бетке осындай қанша мақала керек! Бір нөмірге осындай қанша бет керек! Нөмір жоспарланады. Беттер макеттеледі. Мақалалар бетке түседі. Корректор оқиды. Кезекші редактор оқиды. Басшылық оқиды. Тағы түзетіледі. Қысқартылады. Толықтырылады. Безендіріледі. Қол қойылады. Баспаханаға жіберіледі. Реттеледі. Беттеледі. Басылады. Тасылады. Поштаға барады. Үйді-үйге жеткізіледі. Газет оқырманның қолына тиеді. Газеттің бір нөмірі!Ертеңіне бәрі басынан қайта басталады…».
Саясат • 13 Желтоқсан, 2024
ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық
Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Н.Бауман атындағы ММТУ алаңында өткен іс-шарада делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.
Жоба • 13 Желтоқсан, 2024
«Ауыл аманаты» – игілігі мол жоба
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының аралық нәтижелерін қорытындылап, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды пысықтау мақсатында Қызылордада «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі республикалық семинар жұмысын бастады.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2024
«Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «Amanat» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл әдеби сайыс жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналды.
Үкімет • 13 Желтоқсан, 2024
«Келешек» бағдарламасына қатысты заң мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, депутаттар күн тәртібіне шығарылған мәселелерді қарады.