Саясат • Бүгін, 09:15

ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық

17 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Н.Бауман атындағы ММТУ алаңында өткен іс-шарада делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.

ТМД-дағы өзара сенім мен ынтымақтастық

Кеңес отырысында сауда-экономикалық кооперацияны нығайту, көлік дәліздерін дамыту және жеткізілім көлемін ұлғайту, қоршаған ортаны сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыру және ғылыми әлеуетті іске асыру мәселелері қаралды.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту Достастыққа мүше мемлекеттер үшін басым міндет болып қала береді. Кеңес отырысында сөз сөйлеген Үкімет басшысы еліміздің сыртқы саудасының төрттен бір бөлігі ТМД елдері нарығына тиесілі екеніне тоқталды. Осыған байланысты кедергілерді жүйелі түрде анықтау және жою қажеттілі­гі туындап отыр. О.Бектенов Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың бастамасымен қолға алынған «Достастық жәрмеңкесі» мемлекетаралық бағдарламасын құру ТМД елдері арасындағы эко­но­микалық байланыстарды ны­ғай­туға ықпал ететінін атап өтті.

Көлік дәліздерін кеңейту сауда-экономикалық кооперация­ны дамытудың маңызды факторы саналады. Үкімет басшысы ТМД-ға трансқұрлықтық көлік ағындарында, атап айтқан­да, «Батыс – Шығыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыт­тарын­да алатын орны ерекше екені­не тоқталды. Қазақстан тара­пы әзірлеген ТМД-ға мүше мемле­кет­тердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасы 2024 жылғы қазанда ТМД-ның Атқару комитетіне жолданды. Аталған жоба Достастық елдерінің көлік өткізу мүмкіндігін арттыруға серпін береді.

О.Бектенов экология сала­сындағы ынтымақтастықты н­ы­ғай­­ту мәселесіне ерекше назар ау­дарды. Климаттық сын-қатер­лер­дің алдын алу және олар­дың сал­дарын жою аймақтық және жа­һан­­дық тұрақты дамуға ықпал етеді.

«Алтай» трансшекаралық био­сфе­ра­лық резерваты біре­гей табиғи экожүйелерді сақтау бойын­ша өңірлік табысты коо­пера­цияның мысалы бола алады. Ол «Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі» және «Катун биосфералық қорығы» базасында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен күш-жігерінің арқасында құрылды. 2017 жылы ол Азиядағы алғашқы бірлескен резерват болып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне қосылды. Бүгінгі таңда осы бірегей жоба негізінде ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, конференциялар өткізілуде, бірігіп істеу және тәжірибе алмасу жолға қойылған. Осылайша, Алтайда ерекше қорғалатын аумақтар базасында табиғи құндылықтарды сақтау саласындағы трансшекаралық ынтымақтастықтың бірегей моделі пысықталды», деп атап өтті О.Бектенов.

Тәуелсіз мемлекеттер достас­тығы елдерінің үкіметтері басшы­лары кеңесі отырысының қоры­тындысы бойынша бірқатар құжат­қа, оның ішінде азаматтық кеме жасау мен кеме жинақтаушы жаб­дық­тарын өндіруді дамыту­дағы, көлік кешенін цифрлық трансформациялау саласындағы ынтымақтастық туралы және басқа да құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар делегация басшылары студенттердің жобаларымен танысты. «Квантум паркі» ғылыми зерттеу кластері кванттық, фотондық және флюидтік технологиялардың түйіскен жерінде практикалық мәселелерді шешу мақсатында арнайы жобаланып, салынған. Ұсынылған жобалардың авторлары ТМД елдерінің студенттері мен аспиранттарының «Шекара­сыз университет: әркімнің идеясы – баршаның болашағы» страте­гия­лық сессиясының финалистері болды. Бауман атындағы ММТУ сту­денті, Орынбасар Жантөреев таныс­тырған «Каспий орбитасы» жоба­сы әлемдегі ең ірі жабық су айды­нының таяздану проблемаларын шешу үшін ғарыштық мониторинг және ұтымды трансшекара­лық су пайдалану технологияларын енгізуді көздейді. «Жасыл кибер­ферма» әзірлемесін Мәскеу авиа­ция институтының студенті Әмина Жексембаева таныстырды. Жоба тұрақты, жоғары тиімді ауыл шаруашылығына арналған жаңартылатын энергетикалық роботтық платформаны ұсынады.

ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтеді.