Еңбек • 12 Желтоқсан, 2024
Атбасар ауданындағы еңбекші азаматтардың дені нәсібін теміржол бойынан тереді. Осы салаға қатысты ірі кәсіпорындар өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі – Атбасар электровоз жөндеу зауытының қарапайым жұмысшысы, еңбегіне адал майталман маман Ерлан Нығмет.
Маман • 12 Желтоқсан, 2024
«Елге ел қосылса – құт» дейді халық даналығы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Әлиев – 2008 жылы атажұртқа сағынышпен оралған қандастың бірі. Атпал азаматтың адал еңбегінің арқасында бүгінгі жеткен жетістігі кімге де болса үлгі.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2024
Электриктің ел білетін елеулі қыры
«Қазақмыс» корпарациясы» «Нұрқазған» жерасты кенішінде электрик болып жұмыс істейтін Әлібек Бимендинді Арқа жұрты біршама таниды. Еңбектің қара қазанында қайнап жүрген қызметкер ретінде айналасы ғана білетін шығар. Ал қара қобызын бауырына басып, боздата күй тартатын талантымен елге әжептәуір танымал.
Білім • 12 Желтоқсан, 2024
Инновациялық технология және білім жүйесі: Жаңашыл жастардың жобасы қолдауды қажет етеді
Бүгінде барлық салада әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті мамандардың болуы маңызды. Экономиканың жаңа үлгісіне көше бастаған елімізде ғылым мен инновация әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономиканың басты тірегі болуға тиіс. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IT мен биотехнология саласындағы революция адамзатты өзгертіп жатқандықтан білім жүйесі жаңа реалияларға тез бейімделуді қажет ететінін айтқан болатын.
Басылым • 12 Желтоқсан, 2024
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Зерделі» мектептері мен орталықтарының «10 жылда жарық көрген 100 кітабы» таныстырылды. Оған Парламент депутаттары, Оқу-ағарту министрлігінің мамандары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.