Астанада өткен «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференцияда республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы, танымал исламтанушы Қуат Ерғалиұлы баяндама жасап, бейбітшілік пен мейірімділік діні Исламның толеранттылықты, діндер арасындағы мәмілегерлікті қолдайтынын, сондай-ақ, Қазақ Елінің дін саласына қатысты саясатын төмендегідей түсіндіріп өтті:
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Күніне 120-130 тонна сүт өндіріледі
Өндірісті өңір Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдар мұғдарында тамақ өнеркәсібі де дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның бірі – Өскемендегі «Эмиль» ЖШС. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында, яғни 1993 жылы жұмысын балмұздақ өндіруден бастаған бұл кәсіпорын негізінен сүт және сүт өнімдерін өңдеп, саудаға шығарумен шұғылданады. Сүт, айран, ірімшік, қаймақ, йогурт пен майдың түр-түрі, қышқылы да, тәттісі де, тіпті тұшпара секілді жартылай фабрикаттар да осында өндіріледі.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Орыстың батырлар былиналары, украин елінің халық думалары, якуттардың олонхосы, фин мен эстонға ортақ «Калевала», армянның «Давид Сасунскийі», қырғыздың «Манасы», парсының «Шахнамасы», басқа халықтардың да батырлық жырлары мен қаһармандық аңыз-әңгімелері – өз халқының тарихы мен мәдениетінің ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, жүзжылдықтардың сынына төтеп беріп, жаңа кезеңдермен жалғасып келе жатқан мәңгі жасайтын рухани қазынасы, баға жетпес байлығы, тамаша өнер туындылары болып саналады.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Шара аясында Ермұхан Бекмаханов атындағы жас тарихшы-ғалымдарға арналған дәстүрлі республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Президент • 06 Желтоқсан, 2018