Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Атырауда түрмеге күмәнді зат кіргізбек болғандардың заңсыз әрекетін қызметтік ит әшкереледі
Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) комитетінің қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды заңсыз кіргізу әрекетінің жолын кесті. Оқиға №15 мекемесінің бақылау-өткізу орнында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • 22 Мамыр, 2026
Енді жеке кәсіпкерлік атауын онлайн ауыстыруға болады
Ел азаматтары енді жеке кәсіпкерлік атауын мемлекеттік органдарға бармай-ақ онлайн өзгерте алады. Жаңа қызмет толық цифрландырылып, бірнеше минут ішінде рәсімделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Мамыр, 2026
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды
Кенияда мұғалімнің сөзін ым-ишара тіліне автоматты түрде аударатын робот жасалды. Бұл инновация есту қабілеті бұзылған балаларға жаратылыстану пәндерін, соның ішінде физика мен химияны оңай меңгеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 22 Мамыр, 2026
Қажытқан 45 шақырым немесе Әлихан Бөкейхан ауылындағы жолдың жыры
Ел көлеміндегі қабылданған әрбір шешімнің мән-маңызы, ең алдымен, халық тұрмысын жақсартатын нақты істермен өлшенуге тиіс екенін Мемлекет басшысы атап айтқаны мәлім. Соның ішінде өңір басшыларына айрықша тапсырылғаны – барлық деңгейдегі жол сапасын дұрыстау. Кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, сол арқылы жергілікті жұртшылықтың әл-ауқатын арттыру қала мен ауылдың барыс-келісі жеңілдегенде ғана жүзеге асатыны анық. Осы орайда келешегі бар көп елді мекеннің жолы бүгінге дейін ойдым-ойдым боп жатқаны қынжылтады.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Скандинавияның аспаны бөлек сияқты көрінді. Ұшағымыз Хельсинкиге қонған сәттен-ақ мұндағы тыныштық бірден сезілді. Әуежай ішінде де, пойызда да, көшеде де ешкім асықпайды. Даурығып сөйлескен адам жоқ. Барлығы өз ырғағымен өмір сүріп жатқандай. Әлемдегі ең бақытты ел атанып жүрген Финляндияға сапарымыз осылай басталды. World Happiness Report рейтингінде бірнеше жыл қатарынан көш бастап келе жатқан елдің тыныс-тіршілігін аз уақытқа болса да ішінен көруге мүмкіндік туды. Мұнда жұмыссыздық деңгейі төмен, жалақы жоғары. Білім мен медицина тегін. Әлеуметтік қолдау жүйесі тұрақты. Бірақ финдердің бақыты тек осы көрсеткіштерден ғана құралмайтындай әсер қалдырады.