Үкімет • 27 Желтоқсан, 2019
Марат Нұрғожин қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Марат Рахмалыұлы Нұрғожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2019
Геннадий Головкин ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Геннадий Головкин Тwitter-дегі парақшасында жазды.
Президент • 27 Желтоқсан, 2019
Мемлекет басшысы Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді
«Ақорда» резиденциясында Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Ішкі істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен Алматы әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағының апатына байланысты шұғыл кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2019
Мәжіліс депутаттары ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Бүгін Палатаның Бюро отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпус атынан Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 27 Желтоқсан, 2019
А. Мамин ұшақ апатының себептеріне толық тергеу жүргізуді тапсырды
А. Маминнің төрағалығымен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының құлау себептерін тергеу бойынша Үкіметтік комиссияның отырысы өткізілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.