Спорт • 31 Желтоқсан, 2021
Есігімізден аттаған 2022 жыл қазақ спортының күнтізбесінде айтулы даталармен ерекшеленеді. Осыдан дәл 50 жыл бұрын, нақтылап айтсақ, 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпия ойындарында баскетболшы Әлжан Жармұхамедов КСРО құрамасымен бірге бас жүлдені олжалап, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы ретінде өз атын спорт жылнамасына алтын әріппен жазды.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
1 қаңтардан бастап не өзгереді?
2022 жылға да келіп жеттік. 2021 жыл – пандемия зардаптарымен күреске, сауда-саттықты реттеуге, теңге бағамымен арпалысуға жұмсалды. Үкімет жыл бойы инфляцияны уысынан шығарып алып, жыл соңына қарай бағаны иліктірді. Биыл нарықта біраз өзгерістер болады. Жаңа бастамалар мен заңдар күшіне енеді. Соның біршамасын қорытып өтелік.
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2021
Биыл жыл еншісіндегі жаңалықтар
Әр жыл өзінің атаулы күндерімен, тарихи оқиғаларымен, жаңа жобаларымен һәм жаңалықтарымен келеді. 2022 жыл елдің әдеби-рухани өмірінде түрлі оқиғалар болмақ. Әлқисса.
Әдебиет • 31 Желтоқсан, 2021
Биыл ақын-жазушылар не жазып жатыр?
Жылдың ауысатын шағы кімді болса да ойландырмай қоймас. Зымырап бара жатқан уақытқа ілесу қолына қалам ұстаған шығармашыл қауымның ізгі арманы. Әр жылды сәтті аяқтап, келесі бір жаңа уақыттың кемесіне мінгенде етек-жеңімізді жинап, жүйелі жоспар жасауға құлшынамыз. Табыстың бір аты – бекем жоспар. Шабыттың шалқұйрығын қамшылаған ақын-жазушыларымыздың осы жылы оқырманға қандай тың туындылар ұсынатынын білу үшін өздерінен сұрап көрдік.
Өнер • 31 Желтоқсан, 2021
Өнер әлемі үшін өнегелі өрнектелген өткен жыл келер жылға да тамаша тартулары мен жақсы жаңалықтарын қалдырып бара жатыр. Тәуелсіздік тойымен түйінделген сыйға толы өткен жылдың жетістігін 2022 жылы да табысты жалғайтындығына сенім мол.