Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты: Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон, Мажарстан Президенті Янош Адер, Польша Президенті Анджей Дуда, Словения Президенті Борут Пахор, Бельгия Королі Филипп, Норвегия Королі V Харальд, Дания Ханшайымы II Маргрете, Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась, НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, ТМД Атқару комитеті – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Хорватияның бұрынғы Президенті Степан Месич, Татарстанның бұрынғы Президенті Минтимер Шаймиев, сонымен қатар шетелдік ірі компаниялардың, банктердің және қаржы институттарының басшылары, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері және тағы басқа тұлғалар құттықтады.
Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты деңгейдегі ынтымақтастығын нығайтудың маңызды бағыттары мен басымдықтары атап өтілген және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.
Құттықтаулар әлі де келіп жатыр.