Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Ақмолада 70 түп қарасора тәркіленді
Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз фитозертхананы анықтап, жойып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Ағымдағы шот қаржысына пайыз есептеу: Банктер мұндай қадамға бара ма?
Елімізде банк және банк қызметі туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ағымдағы шоттардағы қаражатқа пайыз есептеу мәселесі қайтадан күн тәртібіне шықты. Қаржыгер Ғалым Құсайынов бұл өзгерістердің формасы мен мазмұны арасында алшақтық бар екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Кітап сатып алудың соңы қаржыңыздан айырылуға соғуы ықтимал
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Alibaba мен Baidu акциялары Қазақстан қор биржасында саудаланады
23 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар – Alibaba Group Holding Ltd мен Baidu, Inc. компанияларының америкалық депозитарлық қолхаттарымен (ADR) сауда-саттық басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Еңбек нарығындағы сәйкессіздік: Бос жұмыс орны көп пе әлде жұмыссыздар ма?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елімізде 448,5 мың адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,2 мың адамға аз. Дегенмен, тұрақты жалақыға жете алмай жүргендер де жетерлік. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің басым үлесі Алматы қаласына тиесілі. Мегаполисте 52 мыңға жуық адам жұмыс іздеп жүр. Келесі сатыда Түркістан облысының тұрғындары тұр. Аталған өңірде 40 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Алматы облысында да 35,7 мың адам еңбек нарығында өз орнын табуға ниетті, деп жазады Egemen.kz.