Фото: Ашық дереккөз
Тінту барысында қарасора өсірілген 70-тен астам гүл құмырасы, сондай-ақ өсімдіктерді суару, күтіп-баптау және өңдеуге арналған арнайы жабдықтар тәркіленді. Есіл қаласының 32 жастағы тұрғыны өз тұрғылықты жерінен шамамен 50 шақырым қашықтықта орналасқан Московское ауылында заңсыз өндірісті жабдықтаған. Ал зертхана орналасқан жерде оның көмекшісі – ауылдың 42 жастағы тұрғыны заңсыз бизнесті бақылап отырған кезінде ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті өткен жылдың соңында дайын өнімді жинап үлгерген, ал биылғы жылдың бастапқы тұсында жаңа өсімдіктерді отырғызған. Бұған дейін күдікті осындай заңсыз әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес: 6 мыңнан астам адам жауапқа тартылды