Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Соңғы 10 жылда интернаттағы балалар саны 54%-ға азайды
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қамқоршыларды бағалау мен бақылаудың жаңа моделі енгізілді. Соңғы 10 жылда еліміздегі интернаттық ұйымдар саны 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер қатары 54%-ға азайды. Өткен жылы 3 мыңға жуық бала отбасы тәрбиесіне берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды
Петропавлда интернет алаяқтармен сыбайласып, ұрланған ақшаны аудару үшін жеке шоттарын ұсынған алты дроперге сот болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстанда соңғы сегіз жылда алапес жұқтырғандар тіркелмеген
Бүгінде елімізде алапес ауруын жұқтырғандар (Хансен ауруы) жоқтың қасындай десек те болады. Мұндай науқастардың арасында балалар мен жасөспірімдер жоқ. Алапес тек ересектердің арасында ғана кездессе, бұл өз кезегінде инфекция ошақтарының жоғалып бара жатқанын сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2026
Биыл Ұлттық қордан балалардың шотына қанша теңге түседі?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдағы Жолдауында Ұлттық қор табысының 50%-ы балаларға аударылатынын айтқан болатын. Араға 1 жарым жыл салып, Ұлттық қордан алғашқы үлес 18 жасқа дейінгі балалар шотына 2024 ақпан айында 100 доллар 52 цент көлемінде түсті. 2025 жылы балалардың шотына 129 доллар аударылса, былтырғы қор табысының нәтижесінде балаларға 130 доллар көлемінде қаржы түседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 23 Қаңтар, 2026
Айыппұлсыз жыл: Биыл шағын бизнеске жеңілдік берілді
Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жыл шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең болады. Салық есептілігіндегі қателіктер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды, деп хабарлайды Egemen.kz.