Парламент • 21 Мамыр, 2026
Депутат бірыңғай логистикалық экожүйе құруды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Қазақстанның халықаралық транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қазақстанда туберкулезбен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары елімізде аталған сырқат бойынша көрсеткіштердің біртіндеп төмендеуі байқалғанымен, дәрігерлер сақтықты бәсеңдетпеу керектігін айтады. Осы орайда Астанадағы №8 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Аружан Ерболқызымен және осы емхананың физиатр дәрігері Азамат Асылбекұлымен туберкулез дертінің қазіргі ахуалы, алдын алу және емдеу жолдары туралы әңгімелескен едік, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Жасанды жаңбыр – бірегей бастама
Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды. Қазақстан бұл бағыттағы технологияны тәжірибеде қолданған аймақтағы алғашқы ел атанып отыр. Су тапшылығын азайтып, егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етуге бағытталған жоба, әсіресе, қуаңшылық жиі байқалатын оңтүстік өңірі үшін маңызды бастама болмақ.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Денсаулық сақтау министрлігі блогер Сәуле Базарханның өліміне қатысты тексеру жүргізеді
Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қайтыс болуынан кейін әлеуметтік желілерде пластикалық және косметологиялық клиникалардың жұмысына қатысты қызу талқылау басталды. Әсіресе, Алматыдағы Smart Beauty Clinic-те бұған дейін осындай жағдай болғаны, клиниканың атауын өзгертіп қайта жұмысын жалғастырғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Egemen.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады. Министрлік оқиғаны ерекше бақылауға алып, тексеруді бастағанын мәлімдеді.
Тағайындау • 21 Мамыр, 2026
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.