Технология • 15 Қаңтар, 2026
Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп іске қоспақ. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2026
Жас өнертапқыштардың әлеуеті: Идеялар неліктен өндіріске жетпей қалады?
Ел оқушылары мен студенттерінің ғылыми жобалардағы жетістігі мен сәтті өнертабысын жиі сөз етіп жатамыз. Сол жаңалықтарды ғылыми айналымға енгізу мен өндірісте пайдаға асыру тұсы тиынның екінші бетіндей назарға ілікпей қалады. Дарынды жастардың теориялық тұрғыда тиімді дәлелдеген тәсілдерін іс жүзінде ілгерілету үшін жауапты салалар нендей шешімге арқа сүйеп, оларды қалай ынталандырып отыр? Табысты ғылыми жобаларды қомақты қаржыға айналдырып, ел экономикасына үлес қосу үшін оқушы, студент пен жетекшілері нені білу керек? Тақырып төңірегіндегі осы және өзге де сауалдарымызға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
МӘМС: 2026 жылы сақтандыру есебінен емделетін аурулар тізімі кеңейтілді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті кеңейтілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) деректерінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Салық режимдерінің ауысуы кітап нарығына қалай әсер етеді?
Қосылған құн салығына қатысты бастамалар қоғамдық пікірде көбіне «баға қымбаттайды» деген бір ғана өлшеммен қабылданады. Алайда бұл өзгерістердің салдары кей салаларда әлдеқайда терең әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Соның бірі – баспа ісі. «Мазмұндама» баспасының директоры, баспагер Шыңғыс Мұқан салық режимдерінің ауысуы мен ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі кітап нарығындағы қалыптасқан экономикалық тепе-теңдікті шайқалтуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 15 Қаңтар, 2026
«Астана Опера» театры «Аққу көлі» балетін ұсынады
Елорданың өнерсүйер жұрты апта соңын асыға күтіп отыр. «Астана Опера» сахнасында театрдың ғажайып қойылымдарының бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ұсынылады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, деп жазады Egemen.kz.