Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр
Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы жаһандық қауіпсіздік пен контентті модерациялау жүйесіндегі Қазақстан нарығына қатысты Market Specialist – Kazakhstan атты бос жұмыс орнын ашты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Алматы мектептері отандық цифрлық журналға бет бұрды
Алматы мектептері отандық BilimClass электрондық журналына көшіп жатыр. Серверлері ел аумағында орналасқан әрі пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін платформа бұған дейін қаладағы 15 мектепте пилоттық режімде сынақтан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Қаңтар, 2026
Мемлекеттен көмек алған банктерге дивиденд төлеуге шектеу қойылуы мүмкін
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мемлекеттен қаржылай қолдау алған банктерге қатысты жаңа талаптар енгізуді ұсынып отыр. Жаңа қаулы жобасына сәйкес, мұндай банктер пайдасын еркін бөле алмайды және дивиденд төлеу, өз акцияларын кері сатып алу шектелуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды
8-10 қаңтар аралығында жалған мемлекеттік нөмір пайдалану фактілерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Профилактикалық іс-шараны Көлік прокуратурасы, полиция, көлік бақылау инспекциясы және «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлесе ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.