Фото: gov.kz
Іс-шара барысында елдің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жалған, қолдан жасалған немесе оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлікті тізгендеу бойынша 900-ден астам факті анықталды.
Бас прокуратураның мәліметінше, жүргізушілер жалған нөмірлерді, көбінесе ақылы автомобиль жолдарымен өткенде төлем жасаудан жалтару, белгіленген жылдамдық шектеулерін асыру, сондай-ақ салмақ-габариттік бақылаудан өту кезінде жүк көліктерінің нақты салмағын жасыру мақсатында пайдаланады.
Анықталған фактілерге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданып, оның ішінде айыппұл салу, сондай-ақ сот шешімдеріне сәйкес өзге де жауапқа тарту шаралары қолданылған.
Былтыр осы сипаттағы заң бұзушылықтардың 40 мыңнан астам фактісі анықталған.
Бұған дейін полиция мемлекеттік нөмірін жасырған көлік жүргізушілерімен күресті бастағанын хабарлағанбыз.
Ал Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтарды анықтап, 1787 жүргізушінің куәлігінің күшін жойды.