Аймақтар • Бүгін, 13:22

Елдегі ақылы жолдармен қанша көлік жүрді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарында шамамен 74 миллион сапар тіркелген. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елдегі ақылы жолдармен қанша көлік жүрді

Ұлттық компанияның мәліметінше, бүгінде Қазақстан аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы автожол учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 12 учаске I техникалық санатқа жатады (2 231 км), ал қалған 14 учаске II-III санаттар бойынша пайдаланылуда (2 652 км).

Көлік ағынына жүргізілген талдау сапарлардың негізгі бөлігі ірі қалалар маңында және маңызды транзиттік бағыттарда шоғырланғанын көрсеткен. Мәселен, ең көп пайдаланылатын алғашқы бес ақылы жол учаскесіне барлық сапардың 51 пайызы тиесілі болса, алғашқы он бағыт жалпы трафиктің шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен.

Биыл ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті

Жол жүру саны бойынша Алматы – Қонаев бағыты көш бастап тұр. Бұл бағытта бір жыл ішінде 11,8 миллион сапар тіркелген. Сондай-ақ Шымкент маңындағы оңтүстік бағыттарда, соның ішінде Өзбекстан шекарасына апаратын жолда да жүктеме жоғары – 9,3 миллион сапар.

Ал Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Ақжігіт, яғни Өзбекстан шекарасына шығатын ақылы жол учаскесінде қозғалыс қарқыны айтарлықтай төмен болған. 2025 жылы бұл бағытта бар болғаны 163 мың сапар тіркелген. Бұл көрсеткіш елдегі барлық ақылы жолдардың ішінде ең төмен көрсеткіштердің бірі саналады.

Ақылы жол азық-түлік бағасына әсер ете ме?

Бұдан да аз трафик тек Үшарал – Достық автожолында байқалған. Бұл учаскеде бір жылда 101 мың сапар ғана тіркелген.

Еліміздегі ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алатынын осы сілтеме арқылы оқи аласыз.

 

Соңғы жаңалықтар