Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Талдықорғанда үстел теннисі орталығы ашылды. Нысан жергілікті жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Халықаралық стандартқа сай спорт ғимараты жастарды үстел теннисіне баулып қана қоймай, шахматты да үйретеді.
Кино • 25 Желтоқсан, 2024
Әлемдік премьераның Алматыдағы жаңғырығы
Алматыда Disney студиясының «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Бұл – Disney-дің қазақ тілінде «сөйлеткен» үшінші фильмі. Фильмдерді түрлі елдерге бейімдеп, дубляждау – Disney компаниясында бұрыннан қалыптасқан үрдіс. Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында Disney студиясы биыл «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
Шығыста «қуаныш деген – рух саулығы, бұл сезім неғұрлым көбірек болған сайын кеңістіктен қуатты соғұрлым көбірек тартады» деген түсінік бар. Албырт шағында оқуға ден қойып, жігіт шағында армандаған асуларына беттеп, отызда орда бұзып, қырықта қамал алған бұл адамды Жетісу өңірінде көш басында жүргендер жақсы біледі.
Зерде • 25 Желтоқсан, 2024
Тұрар және Түркістан үшін күрес
26 желтоқсан – қайраткер Т.Рысқұловтың туған күні. Биыл жазда Қазақстанның Орталық мемлекеттік архивінен Түркияға ғылыми іссапарға жіберілген Өмірбек Қанай Түркия Республикасы мемлекеттік архивінен Түркістан республикасы атынан Тұрар Рысқұлов пен Низамеддин Қожаев, Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Башқұртстаннан 2 адам қол қойып, 1920 жылы 13 маусымда «Анкарадағы Ұлы Османлы ұлттық мәжілісіне» (яғни Түркияның Ұлы ұлттық мәжілісі) жолдаған хатының аудармасын тауып, көшірмесін алып келді.
Таным • 25 Желтоқсан, 2024
Ғалам ғажаптары: Жанармайдың жаңа түрі
Қытай ғалымдары кәрізге жиналған қалдықтардан авиациялық биожанармай өндіріп жатыр.