Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Керекудегі автожолдардың күтіміне жауапты мердігер компаниялар қысқы уақытқа сақадай саймыз деп отыр. Қараша айынан бері өңірде ақ ұлпа анда-санда ұшқындағаны болмаса, жолдарды бітеп тастайтын ақ түтек борандар әзірше тіркелмеді. Мамандар негізгі ылғал қаңтар мен ақпанда келеді деп болжайды. Сондықтан жолға қызмет көрсететін ұйымдарды нағыз сынақ алда күтіп тұрған-сынды.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қазір елімізде жол құрылысы бір ізге түсіп, күре жол арқылы жолаушы мен жүк тасымалы артып келеді. Аймақтар арасында жол-көлік инфрақұрылымы жағынан Қызылорда облысы көп өңірден алда тұр. Биыл облыста жол инфрақұрылымын дамытуға 37,1 млрд теңге бөлініп, 603 шақырым автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөнделіп жатыр. Былтырғымен салыстырғанда жолға қаралған қаржы екі есе ұлғайса, келер жылға республикалық бюджетке 53 млрд теңгенің 84 жобасы ұсынылып отыр. Бірақ Сырдағы ағайынды алаңдатып отырған бір мәселе – көп жылдардан бері айтылып келе жатқан «Бейнеу – Шалқар» күре жолының жобасы.
Мәселе • 26 Желтоқсан, 2023
Тәтті су таңдайына тимеген ауыл азаматтары аз емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында «Әрбір үйде ауыз су болуы керек» дегені жұрттың есінде. Бұл дегеніміз ел тұрғындары 100 пайыз жарамды сумен қамтылуға тиіс дегенді білдірсе керек. Ал өңірлерде өзекті мәселе оңынан шешіліп жатыр ма?
Сұхбат • 26 Желтоқсан, 2023
Әли Бектаев: Агроөнеркәсіп кешені инновациясыз ілгерілемейді
Ауыл-аймақты дамыту Мемлекет басшысының ерекше назарында тұр. Аграрлық секторды экономиканың драйверіне айналдыру туралы көптен айтылып келеді. Оның нәтижесі қандай? «Алтын бесік» деп бағалайтын ауылымызды «алтын көмбеге» қашан айналдырамыз? Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаевпен сұхбатымызда ауылдық жердің ахуалын, жасалып жатқан жұмыстар мен қордаланған мәселелерді талқылаған едік.
Ғылым • 26 Желтоқсан, 2023
Елдің тағы бір журналы Scopus-қа енді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ҚазҰУ хабаршысы. Математика, механика және информатика сериясы» ғылыми журналы Scopus ғылыми деректер базасына енгізілді.