Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2023
Үш облыс аумағы автожолдарында көлік қозғалысы шектелді
Бүгін сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде ауа райы қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023
Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
2021 жылы қаңтарда жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болған экс-мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 25 Желтоқсан, 2023
Ясауи мұрасын ұлықтауға арналған конференция өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және түркі халықтарының рухани әлемі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды іс-шараны ҚазҰУ мен Халықаралық түркі академиясы бірлесіп ұйымдастырды.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет бағаны реттеуден бас тартады. Азық-түлік құны қымбаттай ма?
Мәжілістегі сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мен мемлекет тарапынан шекті баға қою жайын баяндап берді. Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігі, монополияға қарсы орган, әкімдіктер, Азық-түлік корпорациясы және тұрақтандыру қорларымен бірлесіп кешенді сипатта жүргізіп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Қазақстан-Қырғызстан одақтастық қатынастары нығая береді
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.