Футбол • 25 Желтоқсан, 2023

Ел футболында өрлеу бар

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ФИФА-ның ресми сайтында 2023 жылдың қорытындысы бойынша атал­ған ұйымның рейтингінде ең көп ұпай жиған ұлттық құрама командалардың тізімі жарияланды.

Ел футболында өрлеу бар

Биыл Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан футболшылары тәуір өнер көрсетті. Олар 10 кездесуден кейін 18 ұпай жиып, Н тобында үшінші орынды иеленді. Алдымызда – Дания мен Словения. Ал Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино құрамалары артымыздан сығалап қалды. Осы нәтиже арқылы +52,07 ұпайды еншілеген жерлестеріміз ФИФА рейтингінде бесінші орынға табан тіреді.

Отандық аяқдоп шеберлеріміз Панама (+83,92 ұпай), Молдова (+63,72), Малайзия (+56,27) және Экваторлық Гвинеядан (+52,77) ғана қалып қойды. Одан кейінгі сатыларға Гайана (+49,40), Аустрия (+48,86), Португалия (+42,52), Колумбия (+42,51) және Ямайка құрамалары (+42,25) жайғасты.