Бизнес • 05 Қаңтар, 2021
2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Алматы қаласында 196 549 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. 2019 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда бұл 3,5 пайызға өсім болғанын көрсетеді. Мұндай деректі арнайы брифинг өткізген қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Президент: Жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз
Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе екенін атады, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Ауыл және кент әкімдері сайланатын болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған мақаласында соңғы кезде қазақстандықтардың ел өміріне белсенді араласуға, шешім қабылдау үдерісіне қатысуға ынтасы артып келе жатқанын кеңінен айтып өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 05 Қаңтар, 2021
Оңтүстік Корея алғаш рет 2020 жылы туған балалар санынан өлім-жітімнің көбірек тіркелгенін мәлімдеді. Жалпы, елде бала туу деңгейі бұрыннан төмен еді. Былтыр барлығы 275 800 бала дүниеге келген, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз. Ал қайтыс болғандар саны 307 764 адам. Бұл жағдай елдің осы салаға қатысты саясатын өзгертуге үндейді. Халық санының азаюы елге үлкен ауыртпалық әкелері сөзсіз. Денсаулық сақтау және зейнетақы жүйелеріне сұраныс өскен сайын мемлекеттік шығындарға қысымның артуымен қатар, жастар санының азаюы экономикаға тікелей әсер ететін жұмыс күшінің жетіспеуіне әкеледі.
Президент • 05 Қаңтар, 2021
Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да айтқым келеді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтты. Сондай-ақ Президент Қазақстан шекарасына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz