АСТАНА. 17 мамыр. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кітап қазақ тілінің түпнұсқасынан аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен Büchergilde баспасынан шықты.
«Құлагер» поэмасын неміс жазушысы Герт Хайденрайх аударды. Бұл кітаптың алғашқы тұсаукесері наурыз айында Германияның Лейпциг қаласындағы кезекті Leipziger Buchmesse халықаралық жәрмеңкесінде өткен. Ал елімізде жоспар бойынша осы жылдың 25-27 мамыр күндері Астана мен Алматы қалаларында өтеді.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.