• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Алматыда қару-жарақты арандатушылар әкелгені анықталды

255 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 мамыр. Алматының қақ ортасында қару-жарақ сақтағандардың арандатушылар екен белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасының ақпарына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Жердің жайы қызу талқыланып жатқан дәл қазіргі ең өзекті тақырып. Бірақ соңғы уақыттағы жағдайға зер салсақ, мәселенің ушыққаны белгілі бір топтарға аса қажет сыңайлы. Президент жер кодексіне мараторий жариялады. Арнайы комиссия құрылып, құжаттың даулы деген тұстары жіті талқыланып жатыр. Бірақ арандатушылар бұған да қарап жатқан жоқ», - деді телеарна тілшісі. Кеше Алматыда сондай пиғылдылардың әрекеті әшкере болған. Арнайы қызмет өкілдері қаланың қақ ортасынан жанармай құйылған шөлмектер, әдейі ықшамдап кесілген арматуралар тауып алды. Тағы екі пәтерге атыс қарулары мен ақша жасырылған. Алматыда кеше таң атпастан Республика алаңына жақын орналасқан Байсейітова көшесі қоршауға алынды. Шектелген аумаққа ешкім жіберілмей, ол жерді полиция қызметкерлері қарап шықты. Нәтижесінде Республика және Астана алаңының маңайынан жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура темірлер салынған пакеттер табылған. Халықтың жерге деген алаңдаушылығын пиғылы бөтендер осындай құралдар арқылы пайдаланбақ болған сыңайлы. Ел іргесін шайқалтқысы келетіндердің ендігі әрекеті одан да сұмдық. Бостандық және Алмалы аудандарында орналасқан екі пәтерден «Макаров» және «ТТ» маркалы тапаншалар, 4 «РГД-5»  гранатасы, 1 шолақ мылтық пен 5 миллион теңге алынған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды арандатушылардың айтағына ермеуге шақырып отыр. «Алматы қаласындағы ахуал қазіргі таңда жіті бақылау үстінде. Мәліметтер жалпы қала тұрғындарынан келіп түскен. Сондықтан түсе салысымен, мәліметтерді тексеруге барынша жұмылдырып, мұндай мәліметтер шын мәнінде расталған болып шықты. Бұл жағдай заңсыз қару-жарақ сақтау дерегі ретінде тіркеліпті. Бірақ бұл арандатуға бағытталған әрекеттер екені анық. Қазір осы іске қатысы бар 5 адам ұсталған. Біреуі Павлодардан, қалғандары осы өңірден. Барлығы да осыған дейін нашақорлық, қыз зорлау, ұрлық секілді қылмыстық істерге белшеден батқан. Олардың қитұрқы әрекеттерін арнайы сараптама әлі де анықтайды. Осы жәйттердің әрқайсысы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Талғат Райымбек. Дерек, фото: КТК.