• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Комиссия отырысында Ауыл шаруашылығы министрі баяндама жасады

258 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 мамыр. Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында  Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов баяндама жасады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан  арнайы жұмыс тобын құрдық. Біз бұған дейінгі комиссия отырысының стенограммасын жасадық. Өткен жиында 75 адамның 63-і сөз алып, жер реформасы жөнінде өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Мұның 30 пайызы жерді шетелдік инвесторларға беру жөнінде қарсылықтарын білдірді. Сондай-ақ, call-орталығына бір апта ішінде 1227 қоңырау шалынды. Осы қоңыраулардың 73 пайызы жерді жеке тұрғын үй салуға беру жөнінде ұсыныс білдірсе, саяжай құрылысына байланысты өтініш 3 пайызды құрайды», – деді Ауыл шаруашылығы министрі. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: egemen.kz.