• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Атырау облысындағы Қиғаш өзені арнасын бұзып кеткелі тұр

461 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 21 мамыр. Облыстың Құрманғазы ауданында Қиғаш өзені арнасынан тасып, жағадағы бөгетті бұзып өтудің қаупінде тұр. Бұл туралы КТК телеарнасының ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Еділдің ірі саласы болып келетін Қиғаш өзені бойында орналасқан Жыланды ауылының халқы соңғы 3-4  күннен бері күні-түні дария жағасында кезекшілікке ұйымдастырып, елді мекенді тасқын су басып қалмауы жағын қарастырып жатыр. Осыған орай тіпті мектепте сабақ та тоқтатылып, жоғары сынып оқушылары арна тоғанын күшейту жұмыстарына қатыстырылып жатыр. Жыланды ауылында 2,5 мыңға жуық халық тұрады. Олардың іске жарамды кісілерінің бәрі қазір осы тоған бекемдеу науқанына тартылған. Ал Қиғаш өзені таяқ тастам жерде буырқанып ағып жатыр. «Елге қауіп төніп тұрған жоқ, бәрі халықтың күшіменен сағат 6-ға дейін осы ұстап шықты. Екі күннен бері осы мектеп дамбы салуда. Кешеден бері сабақ тоқтатылды. Мұғалімдер де бері осының басында. Бірақ жергілікті басшылар мұның бәрін жоққа шығарып, жайбарақат отыр. Бұлардың сөзіне сенсек, еш мекеме жұмысын тоқтатпаған, ал қауіп сейілген», - дейді ауыл тұрғындары. «Суды тоқтата алмасақ, құжаттарыңызды дайындап көшуге дайын отыруды ескерттік. Бірақ жастар жағы таңғы 4 жарымға дейін екі күн жұмыс жасады. Соның нәтижесінде елді мекенді қорғап қалды», - дейді аудан әкімі Бибоз Шаяхметов. Қазір Қиғашқа Волгоград қоймасынан секундына 26 мың текше метр су келіп түсуде. Ресей жағы сонымен қатар мұндай мөлшердегі судың 6 маусымға дейін жіберілетінін ескерткен екен. Соған қарағанда, Қиғаштың тасуы қаупі жақын арада сейіле қоймайтын сияқты. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, фото: КТК.